Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 және «Халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» 2022 жылғы 6 мамырдағы № 185 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 2 қарашадағы № 313-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«65. Паспорттың жобасы объект басшысы объектіні астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың терроризм тұрғысынан осал объектілерінің тізбесіне енгізу туралы тиісті хабарламаны алған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде жасалады.»;
77-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екінші топқа аудан орталықтарында, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орналасқан білім беру объектілері, сондай-ақ орналасқан жеріне қарамастан персонал мен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) нақты саны 700 адамнан асатын білім беру объектілері жатады.».